«Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 29 шiлдедегi № 347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 69-НҚ бұйрығы

 «Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 29 шiлдедегi № 347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 69-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 29 шiлдедегi № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29030 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына, оларды дайындаған педагогтерге берілетін біржолғы сыйақының мөлшерлерін бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидалары, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына, оларды дайындаған педагогтерге берілетін біржолғы сыйақының мөлшерлері бекітілсін.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.